Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Италияға баратын алматылық өнерпаздар «Домбыра party» шарасында бақ сынады

2019 жылдың 22 наурыз 2019 15:55 948

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының әр ауданында Наурыз мерекесі тойланып жатыр. Ауқымды мерекелік шаралар Алатау ауданында да ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан тұрғындары бүгін «Алматы Арена», Алатау киноконцерт залының маңына жиналды.

Бұл жерде Наурыз мейрамын тойлау кезінде көшпелі жастар сауық құратын алтыбақандардың тұтас бір паркі орнатылды. 10 шақты киіз үй тігілді. Наурыз көже мен ұлттық дастархан жайылып, қонақтарға таратылды.

Шығармашылық тұлғалар өз өнерін ортаға салу үшін «Almaty Arena» мұз сарайындағы өнер алаңында бас қосты.

Жиналған халық алдында «Әлқисса» домбыра студиясының шәкірттері өнер көрсетті.

16 оқушы халық күйлерін, Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», «Ата толғауы», Жасарал Еңсеповтың «Әке толғауы», Абдулхамит Райымбергеновтің «Секіртпесін», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын», Құрманғазының «Балбырауынын» орындады.

«Ұлыстың ұлы күні Алатау ауданында думан болып жатыр. «Әлқисса» домбыра студиясы «Шаңырақ» шағын ауданында ашылғанбыз. Өмірі қолына домбыра ұстамаған балалар үйреніп жатыр. 1,5 жыл уақыт аралығында републикалық конкурстарда лауреат атанып жатыр. Былтыр Түркияның Кемер қаласындағы өткен халықаралық конурста бас жүлдені ұтып алдық. Кеше Алматыда итальяндықтар өткізген конкурсқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алдық. Жазда Италияға барамыз», - деді «Әлқисса» домбыра студиясының директоры Қанатбек Сәден.



null 

null 

null 

 

 

Жоғары қарай