Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Із-түзсіз кеткен мақтааралдық жасөспірім Алматыдан табылды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 11:37

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы полицейлері кәмелет жасына толмаған жасөспірімді Алматы қаласында қыдырып жүрген жерінен тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті әйел арызданады. Ол кәмелет жасына толмаған 17 жасар ұлы нағашыларының ауылына кетіп, 14 ақпанда сағат 12:00 шамасында туысының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізген. Аталған жайт Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде тіркелді.

«Аудандық тәртіп сақшылары «бала жоғалды» деп хабар алысымен жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырып, жасөспірімнің баратын жерлерін мұқият тексерді. Ұялы телефон арқылы жоғалған жасөспірімнің жүрген жерін білуге күш салды. Нәтижесінде 17 жасар жасөспірімнің Алматы қаласында жүргені анықталып, Мақтаарал АПБ КПБ жедел уәкілі Аят Көшербай тез арада жолға шықты. Осылайша, жасөспірім Алматы қаласынан табылып, дін-аман әкесінің қолына тапсырылды» делінген хабарламада.

Тергеу барысында жасөспірім бірнеше ай алдын нағашысының ауылында жұмыс істеп, ақпан айының 14-і күні айлығын алуға барғаны анықталды. Содан қолына ақшасын алған жасөспірім Шымкент қаласына жол тартып, сонда 2 күн, одан ары Алматы қаласына барып, онда 3 күн қыдырып, жалдамалы пәтерлерде қонып жүрген.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өтпелі кезеңдегі ұл-қыздарыңызбен жақын қарым-қатынас орнатып, дос болыңыздар деп кеңес береді.


Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай