Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Іздеу салынған қостанайлық оқушы таныстарының үйінен табылды

2019 жылдың 21 қазан 2019 10:27

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен Полина Попованы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың 16 қазанында Қостанай тұрғыны 14 жасар қызының із-түзсіз кеткені туралы хабарлаған .

«Кәмелетке толмаған Полина Попова осы уақытқа дейін таныстарының үйінде болған. Бүгін ол ата-анасына тапсырылды. Ол бұған дейін үйінен бірнеше рет кетіп қалған», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Айта кетейік, іздеу жұмыстарына полицияның жеке құрамы, Ұлттық гвардия әскерилері мен еріктілер тобы жұмылдырылды.

Жоғары қарай