Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Израилдық инвесторлар Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ

2019 жылдың 11 қазан 2019 19:35

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Тәлім егістікте суды қажет етпейтін бақша дақылын егу мәселесі бойынша Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев израилдық инвесторлармен және «BS-Agro Produst» ЖШС өкілдерімен кездесті, де хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі қазақстандық «BS-Agro Produst» компаниясының басшыларымен және Израиль елінен келген инвесторлармен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту және әріптестік таныту жайын талқылады.

Ө. Шөкеев суды қажет етпейтін бақша дақылын егуді Ордабасы ауданы, Тоқсансай ауылында жүзеге асыру тиімді де қолайлы екендігін атап өтті. Шетелдік инвесторлар бұл салада өз үлестерін қосатындықтарын, әріптестік танытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Бүгінде «BS-Agro Produst» ЖШС 130 гектар жерге жаңа технологиямен суғарусыз әдісі арқылы қарбыз егуде. Олар бұл жобасын 2020 жылы қосымша 700 гектар жерде іске асыруды көздеп отыр. Шаруа қожалығы сонымен қатар қарбыз, гүл, жүгері, ноқат егумен де айналысады. Кәсіпорын 2013 жылдың қараша айында іске құрылған. Биыл олар 130 гектар жерге қарбыз еккен, енді жалпы көлемі 40 тонна қарбыз дәнін жинап алуды жоспарлап отыр. Дәл осы тәсілмен егілген қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие.
















Жоғары қарай