Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

«Jastar Otanga»: Инновациялық идеялар байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

2019 жылдың 6 тамыз 2019 13:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастардың инновациялық идеяларына инвестор табуды көздейтін «Jastar Otanga» жобасына өтінімдерді қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауы алғаш рет 2017 жылы өткен болатын. Ол кезде негізінен ІТ, медицина, ауыл шаруашылығы, қоқыс өңдеу, қызмет көрсету салалары бойынша небір тың бастамалар көтерілген еді. Жалпы алғанда, жобалардың бағыты мен саласына шектеу жоқ. Тек инновациялық тұрғыда ұтымды болуы шарт. Жобаның қаржы қоры әлі анықталған жоқ. Негізінен жастардың бизнес идяларына «бизнес-ангелдер» табу, яғни инвесторлардың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылады. Өтінімдер 20 қыркүйекке дейін www.bolashak.gov.kz сайты арқылы қабылданады», - деді Лаура Демесінова.

Брифингте Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасының орынбасары Гүлбану Заманбекова биыл гранттық негізде 10 бағыт бойынша 109 жоба әлеуметтік қаржыландырылып жатқанын атады.

«Бүгінде гранттық қаржыландыру арқылы 109 әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр. Оның 44-і жастарға бағытталған. 500 үкіметтік емес ұйымның ішінен 89 ұжым іріктеліп алынды. Бір айта кетерлік жайт, осындай жобаларға жергілікті үкіметтік емес ұйымдар белсендірек қатысса екен деген тілегіміз бар. Бұған жергілікті атқарушы органдар да ықпал етуі тиіс. Әлеуметтік жобаларға өңірлердегі ұйымдар атсалысса, оның ауқымы кеңейіп, жұртты соғұрлым көбірек қамтитын едік», - деді ол.

Жоғары қарай