Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Къелл Бондевик: Мен үшін  Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары аса перспективті

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 11:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Елшісі Еркін Ахынжанов Норвегияның бұрынғы Премьер-министрі, қазіргі уақытта Осло Орталығының атқарушы төрағасы Къелл Бондевикпен ізеттілік кездесті.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер минстрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

К. Бондевик Қазақстанға ресми сапармен (2004 жылдың мамырында) келген Норвегияның алғашқы премьер-министрі болып саналады. Әрі, ол 2009 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезіне қатысқан болатын.

Елші норвегиялық мемлекет қайраткерін бүгінгі Қазақстанның саяси трансформациясының күн тәртібімен, сот пен құқық қорғау жүйесіндегі реформаларымен, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында айтқан экономика мен әлеуметтік салаларын дамыту міндеттер туралы ақпараттандырды.

Өз кезегінде К. Бондевик Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесулер жайындағы жылы естеліктерімен бөлісті және жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары бағдарламасын құптады.

«Мен Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан негізіндегі жетістіктерін және ядролық қарусыз әлем құру жолындағы күш-жігерін жоғары бағалаймын. Сонымен қатар, мемлекеттеріңіз конфессияаралық диалогты ілгерілете білді. Бұл, қазіргі әлемдегі діни негіздер бойынша көптеген қарама-қайшылықтарды ескере отырып, аса маңызды болып табылады. Адамның абыройы, қасиетті жерлерге құрмет, бейбітшілік пен әділет идеялары – бәріміз үшін де ортақ тақырып».

Ол тәуелсіз үкіметтік емес ұйым болып табылатын және демократия мен адам құқықтарын насихаттаумен шұғылданатын Осло Орталығының қызметі туралы айтып берді.

«Қазақстан – маңызды ірі мемлекет; ол Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көпір. Мен үшін жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары аса перспективті болып көрінеді және мен оған сәттілік тілеймін», - деді ол кездесу барысында.


Жоғары қарай