Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

К.Мәсімов: 20 жыл ішінде Қазақстанға 210 млрд. доллардан астам тікелей инвестициялар тартылды

2016 жылдың 4 шілде 2016 21:11 8890

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұзақ жылдар бойы Орталық Азия аймағындағы тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы ел болып қалып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов The Diplomat басылымында жарияланған мақаласында мәлімдеді.     

«Қазақстан қазірдің өзінде ұзақ жылдар бойы біздің аймағымызда шетелдік инвестицияларды тарту жөнінен басты ел болып қалып отыр. Соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстанға 210 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Қазақстанның сенімді экономикалық өсімі ел азаматтарының өмірі деңгейін елеулі жақсартты», - деп атап өтеді Кәрім Мәсімов мақалада.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, Қазақстанның әлемдік қаржылық дағдарысқа басты жауабы - әртүрлі реформаларды жүргізуі.

«Әлемдегі экономикалық жағдай бізге реформаларды жүргізуді бәсеңдетуге мәжбүрлегенде, біз экономика мен қоғамның жеделдете дамуымен жауап қайтардық. Біз мемлекеттік институттарымыздың жұмысын жақсарту, жекешелендіру бағдарламасы арқылы жаңа индустрияны ашу үшін әртүрлі реформалар жүргізіп отырмыз», - делінген мақалада. 

 

 

Жоғары қарай