Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 37 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Қаламқас кен орнынан грифон анықталды - ТЖД

2019 жылдың 23 мамыр 2019 23:14 772

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнынан грифон анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сілтеме жасап.

Су мен газ Қаламқас кен орнында 23 мамыр күні сағат 06.00 кезінде анықталған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, грифон ұңғыма сағасынан 35 метр жерде білінген. Биіктігі - 30-40 сантиметр.

«Оқиға орнында «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС өртке қарсы қызметі жұмыс жасауда. Бір автоцистерна су кетті. «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ ақпаратына сай, ұңғыманы реттеуге болады. Ол қашыртқы шамды шығарылымға қарсы құрылғымен қамтамасыз етілген. Грифонның төмендегені байқалады», - делінген Маңғыстау облыстық ТЖД қызметі.

Грифон - жердің немесе су қоймасының бетінен жоғары көтерілген жинақталған жер асты суы.

 

Жоғары қарай