Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу колониялары Білім министрлігіне беріле ме

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 15:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу колониялары әзірше Білім және ғылым министрлігіне берілмейді. Бұл туралы бүгін Сенат депутаттарының ішкі істер органдарын жаңғырту мәселелері жөніндегі көшпелі отырысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу колонияларын Білім және ғылым министрлігіне беру мәселесі пысықталды. Біз бұл мәселені жан-жақты талқыладық. Дегенмен, әлі ерте деген ұйғарымға келдік. Олар әзірше ішкі істер органдарының жүйесінде қалады», - деді Алексей Калайчиди.

Сонымен қатар, министр орынбасары сотталғандарға медициналық қызмет көрсету функциясын бейінді ведомствоға беру мәселесіне де тоқталды.

«Сотталғандарға медициналық қызмет көрсету функциясын беру мүмкіндігі бойынша ілкі шара жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта Алматы мен Қарағанды облыстарында мұндай ілкі нұсқа жүргізілуде. Жылдың қорытындысында оның нәтижелерін жария ететін боламыз», - деді ол.


Жоғары қарай