Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Канадалық қарсыласын жеңгеннен кейін Жәнібек Әлімханұлының рейтингі өсті

2019 жылдың 19 тамыз 2019 08:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды жеңіп (27-4-3, 11 КО), беделді Boxrec.com сайтындағы өзінің рейтингін жоғарылата түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы МакЛелланды бесінші раундта нокаутқа түсіріп, BoxRec рейтингінде 64-тен 63-ші орынға көтерілді. Бұл жеңісімен Жәнібек өзінің WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы екі чемпиондық белдігін қорғап қалды. Бұл атақтарға 26 жастағы қазақстандық сәуір айында төрешілердің бірауыздан қолдауымен мексикалық Кристиана Оливасты (16-5, 13 КО) жеңуінің арқасында қол жеткізген болатын.



Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай