Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Канаданың шығысында ұшақ апатқа ұшырады

2019 жылдың 16 шілде 2019 22:39 258

АСТАНА. ҚазАқпарат – Канаданың шығысындағы Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясында шағын ұшақтың құлауы салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы сейсенбіде CBC телеарнасы хабарлады.

Келеңсіз жағдай дүйсенбі күні кешкілік провинцияның солтүстігіндегі шалғай ауданда орын алды. Ұшақ Мистастин көліне құлаған.

Оның бортында ұшқыш пен алты жолаушы болған. Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, төрт адам қаза тапқан, ал үшеуін іздеу шарлары жалғасуда.

Әуе апаты оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары басталды.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай