Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -15 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қанат Ислам әлемдік рейтингке қайта оралды

2019 жылдың 9 шілде 2019 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21КО) BoxRec.com порталының әлемдік рейтингіне қайта енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпқой бокстағы 26 жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін Қанат Ислам супер орта салмақта 88.69 ұпаймен 1561 кәсіпқой боксшы арасында 35- орынға жайғасты. Сондай-ақ, ол өз салмағында қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында көш бастап тұр.

Еске салайық, 34 жастағы қазақстандық боксшы 5 шілде Алматы қаласында екі жылға жуық ұзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралды. Отандасымыз доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты (27-2, 24КО) 14 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Автор Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай