Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қанат Ислам қолы сынғанына қарамастан соңына дейін жұдырықтасты - Qazaq promotions

2019 жылдың 27 қазан 2019 17:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күні кеше намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам соңғы 4 раундта сынық қолымен жұдырықтасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Qazaq Promotions промоутерлік компаниясы оң қолы гипстелген спортшының суретін және рентген кескінін ұсынды.







Еске сала кетейік, кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын.

Айқас Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Жекпе-жек он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен Қанат Ислам жеңіп, WBO белбеуіне қол жеткізді. Ол осылайша 27-ші рет қарсыласынан басым түсіп отыр.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады.

Айта кетейік, қазақстандық Қанат Ислам 2012 жылдың 28 қыркүйегінен бері кәсіпқой бокста сынға түсіп жүр. Бүгінгі күнге дейін 27 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында қарсыласынан басым түсті. Оның 21-ін нокаутпен аяқтаған.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Алматы, Спорт, Бокс,
Жоғары қарай