Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді

2020 жылдың 21 ақпан 2020 09:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Рангтер туралы кестенің жаңа шығарылымында жартылай орта салмақтағы WBO International атағының иегері мексикалық Хайме Мунгиядан (35-0, 28 КО) және британдық Лиам Уильямстен (22-2-1, 17 КО) кейін үшінші орынға тұрақтады. Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын АҚШ өкілі Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгінге дейін өзінің соңғы айқасын Қанат Ислам 26 қазанда Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквуға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай