Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қанат Исламның WBО рейтингіндегі көрсеткіші жақсарды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 13:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ортақ салмақ рангі туралы кестеде WBO International титулының иегері, қазақстандық боксшы Қанат Ислам бесінші орыннан төртіншіге көтерілді.

Үздік үштікке мексикалық Хайме Мунгия, британдық Лиам Уильямс пен ирландиялық боксшы Люк Килер кіріп тұр. Орта салмақтағы WBO Әлем чемпионы – АҚШ боксшысы Деметриус Андраде.

Айта кетейік, Қанат Ислам 26 қазанда Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквуға қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.


Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай