Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қарағанды экономикалық университетінде Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 16:30

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – азаматтық қоғам мен мемлекеттілік тұрақтылығының құқықтық негізі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

ҚР Конституциялық Кеңесімен бірлесе ұйымдастырған конференцияда Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда жиын барысында сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау мәселелері талқыланды. Тақырып төңірегінде конституциялық құндылықтарды өмірге барынша енгізуге жәрдемдесетін Конституциялық Кеңес қызметіне мейлінше көңіл бөлінді.

«Конституция - құқықтық жүйенің шыңы және қоғам дамуының іргетасы. Халықтың билік пен егемендіктің жалғыз көзі ретінде еркін таңдауы Конституция оның сөзсіз заңдылығын қамтамасыз етті. Адамдар бұл тарихи таңдауды өз елі үшін, өзі, отбасы, балалары үшін, қазіргі және Қазақстан болашағы үшін жасады», - деп атап өтті жиында сөз сөйлегендер.

Конференция жұмысына мемлекеттік, атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, студенттер, ғылыми қоғам өкілдері қатысты. Олардың арасында Конституциялық Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сотының, облыс прокуратурасының, әділет департаменттері мен полиция департаментінің өкілдері де бар.


Жоғары қарай