Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 17:28

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 41 жастағы Абзал Нүкенов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін елордадағы «Астана» халықаралық ғылыми кешені Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. Кадрлық өзгерістер туралы актив отырысында өңір басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абзал Нүкенұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік сала мен ішкі саясатқа жауап береді. Оған білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласы, тіл саясаты, ішкі саяси тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселесі, жастармен және БАҚ-пен жұмыс кіреді», - деді Ерлан Қошанов.






Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 маусымда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «саясаттанушы, саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы «Отан» Республикалық саяси партиясынан бастаған. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметке кірісті.

2011-2016 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінде Қауіпсіздік кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

2016-2018 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болды.

2018 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.









Жоғары қарай