Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қарағанды облысында аудан әкімі коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат тараған

2020 жылдың 4 сәуір 2020 22:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Полицейлер Бұқар Жырау ауданының әкімі коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 сәуірде «WhatsApp» мессенджеріне мониторинг кезінде Бұқар Жырау ауданының әкімі коронавирус жұқтырғаны туралы аудиожазба тарағаны анықталды.

«Аталмыш дерек шындыққа сәйкес келмейді. ҚК-нің 274-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату). Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің 40 жастағы әйел екенін анықтады. Ол аталған қылмысты жасағанын мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының полиция департаменті кезекті рет азаматтарды әлеуметтік желілерде пайда болған жалған ақпаратқа сенбеуге және ермеуге шақырады. Мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана сүйену керек. Мұндай қылмыс жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.



Жоғары қарай