Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Қарағанды облысында екі браконьер ұсталды

2019 жылдың 14 қазан 2019 16:54

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үш елікті атып алған браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерін анықтау және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының аумағына Нарманбет ауылынан 20 км-ге жуық жерде Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері 39 және 40 жастағы екі ер адамды ұстады. Заң бұзушылар мемлекеттік нөмірі жоқ «Нива шевроле» маркалы автокөлігімен жүріп бара жатқан.

Көлікті тексеру барысында «Нива шевроле» маркалы автокөліктің жүк салатын бөлігінен 3 елік етін тапқан. Ұсталғандардан бұл тұтас етті алып жүруге немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаттары жоқ екенін мәлімдеген.

«Оқиға орнына Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы дереу шақырылды. Тексеру барысында «Нива шевроле» маркалы автокөлігінің жүк салатын бөлігінен 12 калибрлі екі мылтық табылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚР ҚК 337 бабы бойынша полицияда тіркеліп, тергеу жүргізілуде.










Жоғары қарай