Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қарағанды облысында екі ер адам құтқарылды

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 18:20

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ТЖД қызметкерлері Қарағанды облысы Ботақара ауылында екі ер адамды құтқарып қалды. Екеуі де қайықпен алысқа жүзіп кетіп, өз беттерімен жағаға орала алмай қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

2019 жылғы 30 тамызда сағат 12:10-да Бұқар Жырау ауданындағы Ботақара ауылының Ботақара көлінде ТЖД құтқарушылары қайықпен жағадан жүзіп кетіп, қайта алмай қалған 1958 жылы туған ер адамды құтқарды.

Ұқсас жағдай дәл осы су айдынында сол күні сағат 20:50-де болған. Құтқарушылар қайықпен жағадан алысқа жүзіп кеткен 1965 жылы туған азаматты құтқарып алды.

Құтқарылған ер адамдар медициналық көмекті қажет етпеді.

Шомылу маусымы басталғалы бері облыстың су қоймаларында 59 жағдай тіркелді. 38 адам құтқарылып, 21 адам суға кетті, олардың қатарында 4 бала бар. Құтқару бөлімшелері 52 сүңгу-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек облыстың су айдындарында адамдарды қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 47047 адаммен әңгіме жүргізіп, дәріс оқыды. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, су қоймалары мен апатты жағажайлардағы жаппай демалу орындарында 1300-ден астам профилактикалық рейдтер мен патрульдеу жүргізілді. Облыс бойынша су бойындағы демалыс орындарында 301 тыйым салушы белгі мен 67 көрнекі стенд орнатылған, жағажайларда 18 құтқару бекеті құрылып, 43 ерікті құтқарушы тартылды. Сондай-ақ, 10 қоғамдық қауіпсіздік бекеті мен 10 медициналық бекет қойылған.

ТЖД бөлімшелері 3020 патрульдеу мен 1160 рейд өткізді. Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР ӘҚБтК 440 бабына сәйкес, 143 заң бұзушылық анықталып, 1 млн 805 мың 375 теңгеге айыппұл салынды.


Жоғары қарай