Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Қарағанды облысында көлік қаққан 27 жастағы жігіт көз жұмды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 01:26

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Осакаров ауданында жүргізуші жігіт полицейлердің ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға шығуға тыйым салғанына қарамастан трассаға шығып, адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 қаңтарда Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағында «Екатеринбург – Алматы» автожолында «Тойота Камри» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғынын қағып кетті. Апат салдарынан ол жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасынан кейін «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі зардап шеккен адамды Теміртау қаласының ауруханасына жеткізген. Алайда жігіт алған жарақатынан көз жұмды.

«Осы фактіге қатысты ҚК 345-бап 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлеріне бағынбай, жолға шығып кеткені үшін ҚР ҚК 667-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жоғары қарай