Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Қарағанды облысында МӘМС қоры есебінен жеке клиникаларда емделуге болады

2019 жылдың 18 қазан 2019 14:13

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғындары міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен тексеруден өтіп, жеке клиникаларда дәрігердің кеңесін ала алады. Бұл туралы «Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егер бекітілген жердегі емханада пациентке консультациясы қажет маман немесе тағайындалған талдауларды жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар болмаса, жеке клиникаға тексеруге немесе консультацияға жолдама алуға болады.

Өңірдің 65 жеке меншік клиникасы міндетті медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасты. Құжат негізінде олар қалалық емханаларға бекітілген емделушілерге қызмет көрсетуге және МӘМС жүйесінен төлем алуға құқылы.

Қарағанды облысында барлығы 121 медициналық мекеменің медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты бар.

Жоғары қарай