Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қарағанды облысында заңсыз ауланған 4 центнер балық тәркіленді

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 14:41

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полиция қызметкерлері құжатсыз 400 келі балық тасымалдамақ болған екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шашубай ауылынан 10 шақырым жерде 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Ниссан Патрол» маркалы автокөлігін ұстады.

Автокөліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 300 келі болатын 6 қап балық тәркіленді.

Сондай-ақ, табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Ақтоғай ауданының аумағында Балқаш қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Оның «Toyota Surf» маркалы автокөлігінен салмағы 110 келі болатын 3 қап балық табылды.

«Ұсталған азамат балықты заңсыз аулағанын мойындады. Балық ауланған жерден 400 метр тор тәркіленді. Екі факті бойынша ҚК 335-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.








Жоғары қарай