Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қарағанды облысында жолды сапасыз жөндеген мердігер жауапкершілікке тартылады

2019 жылдың 19 қазан 2019 11:27

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы жолды жөндеуде талаптардың бұзылуын ұлттық жол активтері сапасы орталығы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары облыстық маңызға ие «Қарағанды-Шахтинск – Есенгелді –Щербаковское –Киевка» тасжолының 0-14 шақырымы аралығын жөндеудегі жұмыстар мен материалдардың сапасын тексеру мақсатында сараптама жүргізді.

Орталықтың Қарағанды облысы бойынша филиалы нысанға 5 рет барып, жол-құрылыс материалдарының 3 сынамасын алған болатын. Зерттеу нәтижесі жолдың 12, 8 шақырымында кедір-бұдырлы беттік өңдеу бойынша 800 метрлік жерде ақаулар барын көрсетті.

Жұмыстардың сапасыз орындалуына байланысты «Прогресс KZ» ЖШС-на аталмыш учаскеге жол қабатын қайта төсеу қажеттігі туралы ескерту жолданды. Сонымен қатар, Қарағанды облысының әкімдігі мердігер компанияға қатысты «Прогресс KZ» ЖШС мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы» деп тану туралы сотқа жолданатын талап-арыз дайындады.

Мердігер компания аталмыш жолдағы жөндеу жұмыстарын 2018 жылы бастап, биыл аяқтауы тиіс еді.

Айта кету керек, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеудегі жұмыстар мен материалдардың сапасын тексеруге бағытталған сараптаманы Ұлттық жол активтері сапасы орталығы Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізуде.

Жоғары қарай