Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қарағанды облысындағы Қызылқой өзені арнасынан асты

2019 жылдың 30 наурыз 2019 18:45 993

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шет ауданында су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылқой өзені арнасынан асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.    

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда, Қызылқой ауылын су басу қаупі бар. Қызыл су 9 тұрғын үйдің ауласына кірген.   

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен үйлердің аулаларынан суды сорғыту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қызылқой өзенінің арнасы бекітілді. Ол үшін құм салынған 1 500 қап пайдаланылып, олар 600 метр қашықтыққа биіктігі 40 см болатындай етіп орналастырылды. Мұзды қазір қолмен жарып жатыр.    

Облыс әкімі осы елде мекенде су тасқынына қарсы жүргізілген шараларды өзі келіп көрді. 30 наурыз күнгі сағат 17-00-дегі жағдай бойынша, су деңгейі төмендеді. Сондай-ақ мамандар өзен бойын тағы бір мәрте аралап шығып, тұрғындарға су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша қайтара ақыл-кеңес беріп шықты.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай