Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қарағанды облысының әкімі бағбандардың түйіткілдерін  шешуді тапсырды

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 22:58

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов саяжай иелерінің түйіткілдеріне назар аударды. Олардың бірі - көлік мәселесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Саяжайлар мәселесіне назар аудару керек. Егер жазда олар саяжайда тұрса, қазір маусым аяқталып, адамдар қалаға көшуде. Тұрақты сапарлар үшін көлік жеткіліксіз. Бағбандар өздерін асырап отырған жандар, оларды қолдау қажет», - деді Ерлан Қошанов.

Облыс басшысы Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровке саяжай иелері үшін қоғамдық көлік мәселесін шешуге, сондай-ақ бағбандар мәселесін бақылауға алуды тапсырды.
Өңір әкімдігінен мәлім еткендей, 1 қазанға дейін Соқыр өзенін тазалау жұмыстары аяқталады. Бұл шара көктемгі кезеңде саяжайларды су басудан құтқарады.


Басты сөздер: Аймақ, Әкім, Қарағанды облысы,
Жоғары қарай