Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қарағанды облысының тұрғыны 72 жылқы ұрлаған

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 14:42

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері 6 мал ұрлығына қатысы бар деп күдікке ілінген 35 жастағы жұмыссыз ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2013 жылдан бері қылмыскер жергілікті үш тұрғынның 72 жылқысын ұрлаған.

Жедел-тергеу шарасы барысында Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы жұмыссыз ер адамды анықтады. Ол малды сыртынан бақылап, иелерінің жоқтығына көз жеткізген соң жайылып жүрген жерінен айдап әкетіп отырған.

Аталмыш дерек полицияда тіркелді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Бөтен мүлікті жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды облысы полиция департаменті малды жайылымға тек бақташының қарауымен жіберіп, малға GPS трекерлер тағып, қамауға арналған жерді мықты құралдармен бекіту керектігін тағы да ескертеді.


Авторы Агата Мұхамеджанова


Жоғары қарай