Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қарағанды полицейлері үйдің шатырына шығып кеткен жалаңаш ер адамды түсірді

2020 жылдың 13 ақпан 2020 11:47

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының орталығында ер адам киімін шешіп тастап, бес қабатты үйдің шатырына шығып кеткен. Мұндай қадамға ол отбасылық жанжалдан кейін барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандының танымал пабликтерінің бірінде жалаңаш күйінде көпқабатты үйдің шатырында отырған ер адам туралы видео жарияланды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары оны көріп, полиция жасағын шақырған. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция полкінің екі қызметкері келіп жетті. Тәртіп сақшылары көпқабатты үйдің шатырына шығып кеткен ер адамның өмірін сақтап қалды.

Кейін анықталғандай, ер адам туған-туыстарымен жанжалдасқаннан кейін үйдің төбесіне көтерілген. Ол жерде аязды күні киімсіз жарты сағаттан артық уақыт отырған.

«Хабарлама 102 телефонына 18.20 шамасында келіп түсті. Қарағанды полиция басқармасының ЖБО кезекшісі оқиға орнына жақын жердегі полиция нарядын жіберді. Патрульдік полиция полкінің қатардағы сарбазы Дамир Оразов пен стажер Тимур Сұлтанғазы ер адамды анықтады. Полиция қызметкерлері 31 жасар ер адамды үйдің төбесінен түсіріп алған соң, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақыртылды», - делінген Polisia.kz ақпараттық медиа-порталда

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам ішімдік ішкен. Дәрігерлер хабарлағандай, оның қолы мен аяқ саусақтарын І дәрежелі үсік шалған.


Жоғары қарай