Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Қарағанды полицейлері жол шетіне шығып кеткен автобустың 42 жолаушысын құтқарды

2019 жылдың 4 желтоқсан 2019 17:06

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Шет ауданының полицейлері жол шетіне шығып кеткен қалааралық рейстік автобустың жолаушылары мен жүргізушісін құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 желтоқсанда таңғы сағат 16.00 шамасында 28 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Yotong» маркалы автобус «Қызылорда - Павлодар» автожолының 837-шақырымында көктайғаққа байланысты жол жиегіне шығып кеткен. Автобус салонында 42 жолаушы болған.

Оқиға орнына Шет ауданы ПБ Сейфуллин ауылы полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Марғұлан Дүйсембеков және учаскелік полиция инспекторы Жанат Мақашев шықты. Тәртіп сақшылары қызметтік автокөлікте құтқару жұмысын ұйымдастырып, жолаушыларды 12 шақырым жерде орналасқан Шет ауданы Ақой ауылының жақын елді мекеніне жеткізді. Адамдарға кафеде тамақ берілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды облысының полиция департаменті алдағы күндері синоптиктер қар жауатынын және жолда көктайғақ болатынын ескертеді.

Осыған байланысты көлік жүргізушілері жолда, әсіресе балалар оқитын орындардың жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша сақ болып, жылдамдық режимін, қашықтықты және жол қозғалысы ережелерінің басқа да талаптарын сақтауы тиіс.

Жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде автомобильдің тежеу жолы дымқыл және тайғақ жолда ұлғаятынын ескеруі қажет.




Жоғары қарай