Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген күдіктіге ел аумағында іздеу жарияланды

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 17:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ұрланған баланы өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігітке республикалық ауқымда іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іздеу жұмыстары екі тәуліктен астам уақытқа созылып, полиция мен ұлттық ұланнан, еріктілерден құралған 600-ден астам адам тартылған болатын. Іздеу барысында иісшіл иттер мен дрон да пайдаланылған. Бір жақтан полиция қызметкерлері күдікті келуі мүмкін деген орындарға бақылау орнатқан. Ал бүгін сағат 10.00-де Бұрма ауылының шетінен зорлықтан өлген 3 жасар баланың денесі табылған.

«Мүрдені үстіне ағаштың бұтақтарымен біркеп кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қосымша мәліметтер сараптамадан кейін белгілі болады. Баланың денесі сараптамаға жөнелтілді», - дейді Қарағанды облысының полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин

Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жедел топ баланың денесі табылған ауданды тінтуде. Күдіктіні табу үшін күшейтілген режімде жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Іс ҚР Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды.





«Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 17.11.1996 ж. т. Игентай Кәрімұлы Сопыжанов іздестірілуде. Бойы 175-180 см, арық денелі, шашы қара қысқа.

Киімі: ашық күләпарасы бар қоңыр күрте, қара көк джинсы, қара бәтеңке. Қарағанды облысының полиция департаментіндеі кезекші бөлім тел.: 8 (7212) 42-90-25 ТБК: 8(7212) 42-91-90, 8(701)503-8887, 8(701)750 3752», - делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, 5 қыркүйекте ұрланған баланың денесі бүгін табылған болатын. Баланы анасының қолынан 23 жастағы танысы ұл баланы қолынан тартып алып, қашып кеткен.











Жоғары қарай