Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Қарағандыда 45 саяжай үйі жанып кетті

2019 жылдың 7 қазан 2019 22:13

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы саяжай алқаптарының бірінде өрт сөндіру қызметінің 50-ге жуық маманы тілсіз жаумен арпалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 қазанда сағат 12: 18-де Қарағанды қаласының «Мир» және «Луч» саяжай қоғамдарының аумағында шаруашылық қоқыстар, ағаш дуалдар, құрғақ шөп және 45 саяжай учаскесі өртенді. Жалын тілі жалпы 20 гектар аумақты шарпыды.

Өрт сағат 16: 29-да ауыздықталып, сағат 17: 36-да ТЖД қызметкерлері оны толығымен жойды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің алдын ала мәлімдеуінше, өрттің пайда болуына ашық от себеп болуы мүмкін.

Өртті сөндіруге ТЖД 48 қызметкері мен 9 техника жұмылдырылды.



















Жоғары қарай