Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қарағандыда 5 көлікті қағып кеткен мас жүргізуші қамауға алынды

2019 жылдың 21 қазан 2019 16:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Мас күйінде 5 көлікті соққан жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Лексус 570» автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 20 қазан «Лексус 570» автокөлігінің жүргізушісі Степной-4 шағын ауданындағы үйдің ауласында тұрған 5 автокөлікті соққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Оқиға салдарынан 25 және 29 жастағы ер адам мен әйел ауыруханаға жатқызылды.

Жоғары қарай