Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қарағандыда 6 көлікті айдап кеткен ұрылар ұсталды

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 17:57

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда тәртіп сақшылары былтырғы жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін 6 жеңіл көлікті ұрлап кеткен қылмыскерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды қаласының аумағында ресейлік автокөліктерді ұрлаумен айналысқан екі топты ұстады.

«25-26 жастағы күдіктілер Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты. Олар 6 көлікті ұрлап кеткенін мойындады. Айғақты заттар (автокөліктер) тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдіктілердің бұрын жасалған қылмыстарға қатысы барын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.


Жоғары қарай