Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілікті

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 12:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында екі лауазымды тұлға пара алу күдігіне ілікті. Олардың қатарында әкімдіктің және Еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегіне сәйкес, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары жер комиссиясының төрағасы жер учаскесін ұзақ мерзімге жалға беруге рұқсат алу мәселесін оң шешіп бергені үшін 200 мың теңге пара алу күдігіне ілігіп отыр. Сондай-ақ, «Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік инспекторы кәсіпорындарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік курсын оқымай және емтихан тапсырмастан сертификат бергені үшін 20 мың теңге алғаны үшін ұсталды.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәлілігінің деңгейін анықтай отырып сот шығарады», - делінген агенттік ақпаратында.


Жоғары қарай