Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қарағандыда аударылған автобуста болған 12 жолаушы зардап шекті

2019 жылдың 18 қазан 2019 19:43

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда аударылған автобуста 30 жолаушы болған. Әртүрлі жарақаттармен қала ауруханаларына 12 адам жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зардап шеккендер арасында 1 бала болды. Ол жеңіл жарақатпен амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, апат «Бұқар жырау» даңғылы мен «Четская» көшесінің қиылысында болды. Полицейлердің мәліметіне қарағанда, жеңіл көлік жүргізушісі қосалқы жолда жүріп келе жатып, маршруттық автобусты өткізбеген. Қақтығыс нәтижесінде қоғамдық көлік аударылып қалды.

Апат орнында 6 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

«Қазіргі таңда 6 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. Қалғандары тексеріледі. Зардап шеккен бір адам түрлі сынықтармен травматологиялық орталыққа жіберілді», - деп хабарлады Х. Мақажанов атындағы Травматология және ортопедия клиникасының ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Жоғары қарай