Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қарағандыда батут аударылып, 12 жасар бала көз жұмды

2019 жылдың 25 мамыр 2019 19:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының орталық саябағында қатты желден батут аударылып, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« 25 мамыр күні сағат 17:30-да Қарағандыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында қатты желден үрлемелі батут жақын маңда орналасқан дүңгіршектің үстіне аударылып қалды. Салдарынан 2007 жылы туған жеткіншек қаза тапты. 2004 және 2012 жылы туған үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды» делінген хабарламада.

Көшеге, саябаққа үрлемелі аттракцион орнату үшін рұқсатты әкімдік береді. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда орталықтарының аумағында мұндай аттракциондар екі шаруашылық субъектінің жалдау келісімшарты негізінде орнатылады.

Төтенше жағдайлар комитеті қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарға қатты жел кезінде балалардың көшедегі батутта ойнауын шектеу керектігін ескертеді.

Жоғары қарай