Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қарағандыда бұрынғы әйелімен ұрсып қалған ер адам 1 жасар қызын ұрлап кетті

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 18:23

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды тұрғыны ажырасқан күйеуінің ұрыс-керістен кейін бір жасар қызын тартып алып кеткенін айтып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 қыркүйек күні Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Келіншектің айтуынша, 26 жастағы бұрынғы күйеуі әйелмен ұрысып, оған зақым келтірген, артынша бір жасар қызын алып кеткен.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы («Адам ұрлау») 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері баланы тауып, анасына қайтарды. Полицейлер 26 жастағы күдіктіні ұстау шараларын жүргізді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.


Басты сөздер: Қарағанды облысы, Оқиға,
Жоғары қарай