Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Қарағандыда екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 13:12

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан 81 жастағы ер адам көз жұмды және 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апат 24 ақпанда «Қарағанды арена» мұз сарайының жанында болған.

«Мерседес» автокөлігінің 46 жасар жүргізушісі Республика даңғылымен Волочаевская көшесіне қарай келе жатып, 36 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Киа» автокөлігімен соқтығысқан», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Мерседес» автокөлігінің 81 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, екі автокөліктің үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

«4 адам зардап шеккен. 1 зардап шегуші жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Қалған 3 адам проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. 1 зардап шегушінің жіліншігінде ашық сынық, бел омыртқасының жабық сынығы анықталды. Тағы 1 зардап шегуші бұғанасының жабық сынығымен келіп түсті, 1 зардап шегуші амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Аталған дерек бойынша ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.


Жоғары қарай