Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Қарағандыда киберспорт турнирі аяқталды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 12:15

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Alaman Cup: Qarag'andy бірінші аймақтық киберспорт турнирінің чемпиондары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С. Сәпиев атындағы бокс орталығында 23 ақпанда CS:GO және FIFA 2020 Alaman Cup: Qarag'andy Online CS: GO Qualifications бойынша турнирдің финалдық ойындары өтті.








Турнирді «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы ұйымдастырды.

Үш ойынның қорытындысына FIFA 20 тәртібі бойынша ҚарМТУ Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы Ақназар Бексейітов жеңімпаз атанды. Оған 75 мың теңгенің сертификаты берілді.





Counter-Strike: Global Offensive сынағынан екі команда – Алматының zARLANS командасы және Нұр-Сұлтан қаласының AEZAKMI командасы бақ сынасты. Кездесу de_dust2 және de inferno карталарында 2:0 есебімен аяқталды. Нәтижесінде чемпион атағына алматылық zARLANS командасы ие болды. Оларға 300 мың теңгеге сертификат пен чемпион кубогы табыс етілді.








Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпаннан бастап біліктілік сайысы өткізілді. Іріктеу ойындарына барлығы CS:GO бойынша 229 команда және FIFA 20 бойынша 68 киберфутболшы қатысты. Qazaq Cybersport Federation Alaman Cup турнирі Қазақстан аймақтары бойынша шеруді жалғастырады. Федерацияның жоспарында Семей, Шымкент және Ақтау турнирлерін өткізу көзделген. Бұдан басқа, аймақтық турнирлердің жеңімпаздары арасында Alaman Cup суперкубогы өтуі тиіс.





Жоғары қарай