Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қарағандыда көпбалалы отбасылардың үйлерінде улы газ датчиктері тегін орнатылды

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 23:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері азаматтардың мүлкін өрттен қорғау үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көп балалы отбасылардың үйлерінде улы газ датчиктері тегін орнатылады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдар бар отбасылар да назардан тыс қалған жоқ.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері облыс бойынша 828 улы газ датчигі орнатылған. Бұл орайда Саран мен Ақтоғай ауданында белсенділік байқалып отыр.

Жаңа жылыту маусымы қарсаңында алдын алу жұмыстары күшейтілуде. Қыркүйектің алғашқы күндері ТЖД қызметкерлері көп балалы отбасы үйлеріне 24 датчик орнатты.

Құтқарушылар электр құралдарын және пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салады:

- Электр сымдарының, сөндіргіштер мен розеткалардың жарамдылығын қадағалау қажет.

- Электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу, ал ақауы бар тұрмыстық құралдарды алшақ алып тастау немесе жөндеу.

- Қолдан жасалған электр жылыту құралдарын пайдаланбау.

- Суық күндер басталмас бұрын пешті тексеру және түтіндіктерді тазалау.

- Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жылытпау.

- Егер үйден ұзақ уақытқа шығуды жоспарласаңыз, пешті екі сағат бұрын өшіру қажет.


Жоғары қарай