Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қарағандыда Литва елінің ЖОО-мен әріптестік орнату мүмкіндіктері талқыланды

2019 жылдың 8 қазан 2019 00:37

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласына Вильнюс университеті мен Литва жоғары білім беру саласындағы алмасуды қолдау қорының бір топ өкілдері келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапардың мақсаты академиялық тәжірибе алмасу және Литва жоғары оқу орындарымен ғылыми ынтымақтастық саласындағы бағдарламалардың тұсаукесерін өткізу болды.

Қарағанды медицина университетінде Литваның Құрметті консулы Виталий Тварионастың қатысуымен конференция өтті. Кездесуге Қарағанды жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Оларға университет арасындағы Медициналық және техникалық бағыттағы, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтты.

ҚМУ ректоры, профессор Раушан Досмағамбетова жоғары оқу орны көптеген отандық және еуропалық университеттермен ынтымақтастықта екенін атап өтті. КМУ-дың басты стратегиялық серіктесі Лунд университеті (Швеция) болып табылады.

«Сонымен қатар біздің университеттің әрбір мектебі білім беру және ғылыми қызметті табысты дамыту үшін серіктес таңдайды. Вильнюс университеті Медицина мектебінің серіктесі болды. Бұл білім беру бағдарламаларын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ашты. Осы жылы Вильнюс университетінің медицина факультеті деканының орынбасары болып табылатын КМУ ректорының орынбасары Вайва Хендриксонмен бірге, біздің ЖОО-да отбасылық медицина бойынша резидентура бағдарламасы әзірленді. Студенттердің тәжірибе алмасуын жүзеге асыруға, Литвадан профессорларды шақыруға мүмкіндік туды. Вильнюс университетімен бірге біз сапаны басқару жүйесін жетілдіреміз», - деді Раушан Досмағамбетова.

Конференция ЕО жобасы аясында Вильнюс университеті тарапынан ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушылар барлық қажетті ақпаратты алып, байланыстармен алмасты.

Жоғары қарай