Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қарағандыда суағарлар мен арықтар тазартыла бастады

2019 жылдың 1 наурыз 2019 22:42

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының жеке секторларында суағар құбырлары мен жыралар қардан тазартылуда. Осылайша коммуналдық қызмет су тасқынының алдын алып жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл бұл жұмысқа "Тазалық Эксперт" компаниясы жауап береді. Ақпан айында Московская, Зелинский, Майлин, Библиотечная, Совхозная, Серов, Социалистическая, Роза Люксембург, Лиза Чайкина және тағы басқа көшелері - барлығы 5312, 3 текше метр қардан тазартылды. Сондай-ақ, Чкалов, Бадин, Попов, Медицинская, Заводская көшелеріндегі 452 суағар құбыры аршылды.

Тазаланатын арықтар мен құбырларды "Тазалық Эксперт" компаниясының мамандары таңдайды. Олар түскен қардың мөлшері мен асфальт жамылғысының болуына назар аударады.

"Қазгидромет" болжамы бойынша жақын күндері республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде.

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Экология,
Жоғары қарай