Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Қарағандыда «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 06:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда туған өлкені дамытуға үлес қосқан меценаттар мен қайырымды жандар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров «Жомарт жүрек» жалпы республикалық акциясының бір бөлігі болып табылатын «Қайырымдылық кубогы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.




Лауреаттар бес номинация бойынша таңдалды.

«Ерен ерлігі» номинациясы бойынша «Клуб добряков» жетекшісі Зара Шалабаева жеңімпаз атанды. «Eurasia Building» ЖШС басқарма төрағасы Айдос Мухатаев «Жылдың үздік ұйымы» аталымында үздік болды. «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша кубокты «Харекет» қайырымдылық қорының директоры Ақтоты Жүнісова алды. Қоғамдық сараптау кеңесі «Жыл меценаты» ретінде кәсіпкер, қалалық мәслихаттың депутаты Айбек Жұмабековті таңдады. «Аманат Арена» спорт кешенінің директоры Сәкен Кәрібаев «Туған өлке» аталымында марапатқа ие болды.

Қоғамдық сананы жаңғырту еліміздің қазіргі және болашағы үшін азаматтық жауапкершіліксіз мүмкін емес.

Қарағанды облысы әкімдігінен атап өткендей, қайырымдылық пен меценаттық - осы процестің ажырамас бөлігі. Кез келген өркениетті қоғамда бизнесмендер өз еліне көмек көрсетеді.
«Харекет» қайырымдылық қоры құрылғаннан бері 122 отбасына тұрғын үй алуға көмектескен. Ал «Аманат Арена» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі балалар тегін жаттығады. «Eurasia Building» құрылыс компаниясы көпбалалы отбасыларға пәтер береді.

Марапаттау рәсімі Қарағандыдағы Орталық саябақта ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік шара барысында өтті.











Жоғары қарай