Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қарағандыда жылу беру маусымы 28 қыркүйекте басталады

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 14:49

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталады. Бұл туралы бүгін облыстық аппарат жиналысында Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлім етті. Синоптиктердің болжамынша, жақын күндері ауа райы күрт суытады деп күтілуде, сондықтан үйлерді жылыту ертерек басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың жылу беру маусымына дайындығы туралы баяндалды. ЖЭО-1 және ЖЭО-3-те барлық негізгі жұмыстар толығымен аяқталды. Инженерлік желілер де 100% дайын. 2 365 тұрғын үйдің 2 316-і жылу беруге дайындық актісін алды. Қалған 49 көпқабатты тұрғын үйде жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жөндеу жұмыстары аяқталуда. Дайындық төлқұжаттарын олар алдағы 10 күнде алуы тиіс.

Нұрлан Әубәкіров хабарлағандай, бірінші кезекте Пришахтинск және Сұрыптау шағын ауданының тұрғындары жылу беріледі. Содан кейін қаланың қалған аудандарын қосу басталады.

«Жылыту маусымы басталғанға дейін аз уақыт қалды. Бұл – қысқы кезеңдегі маңызды мәселелердің бірі. Мен оны тұрақты бақылауда ұстауды сұраймын. Энергетика басқармасы, жылыту маусымының басталуын бақылауға алуды сұраймын. Мен дайындық жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізілгенін көріп отырмын», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Аймақ басшысына Шахан және Ағадыр кенттеріндегі қазандықтар құрылысының барысы туралы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов баяндады. Оның айтуынша, бұл жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр. Ағадыр кентінде қазандық жабдықтары мен инженерлік желілер құрастырылады.

Шаханда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс орнында барлық қажетті техника мен жұмысшы персонал бар. Қазір жер қазандығы, сондай-ақ қазандықтар негізін салу жұмыстары жүргізілуде.

Теміртау қаласындағы ЖЭО-2 жылыту маусымына дайындық ерекше бақылауда. Турбоагрегаттар мен қазандықтарды жөндеу бойынша барлық жұмыстар кесте бойынша орындалады.

Облыс әкімі сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмір қорының көлеміне қатысты да сұрақ қойды.

Қазір өңірдің барлық елді мекендерінде қатты отын сатылуда. Сату шілде айында басталды. Сауда нүктелерінде кезек жоқ. Облыс тұрғындары Шұбаркөл көмірінің тоннасын 10 100 теңгеге сатып ала алуға болады, «Сәт Көмір» маркалы көмірді ұсақ-ірілігіне байланысты 6 000-6 500 теңгеден сатады.

Жеңіс Қасымбек қатты отынның бағасын бақылап, күрт және негізсіз қымбаттауға жол бермеуді тапсырды.


Жоғары қарай