Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қарағандылық жастар автобус жүргізушілеріне маска таратты

2020 жылдың 28 наурыз 2020 08:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жас волонтерлер мен Аналар кеңесінің мүшелері маска тігу және оларды қала көшелерінде адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне тарату бойынша акция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке күндері Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының өкілдері мен волонтерлер қала көшелерінде өтіп бара жатқан адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне медициналық маска таратты.

Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесінің әйелдері мата сатып алып, бетперде тігуде, ал жастар көшеге шығып, ол өнімдерді таратып жүр.




«Осы бір қиын кезеңде бастама көтеріп, жерлестеріне көмектесуге еріктілер шықпағанда, кім шығады? Біз бүгін тек көшеде кездескен адамдарға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілеріне де маска тараттық. Себебі олар күн сайын көп адаммен байланыста болады», - дейді жастар.








Жоғары қарай