Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Қарағандылық жастар соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер аумағын абаттандырды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 05:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында жастар соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер мен мемориалдарды ретке келтіріп, аумақтарын абаттандырып жатыр. Бұл туралы өңір әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұрпақтар естелігі» республикалық акциясы аясында, сондай-ақ соғыс батырларының есімдерімен аталған көшелер мен даңғылдар күл-қоқыстан тазартылып жатыр.

Шара «Nur Otan» партиясының бастамасымен жыл сайын көктемде және күзде өткізіледі. Оған партияның аймақтық филиалдарының «Жас Отан» жастар қанатының, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысуда.

«Биыл акция 20 сәуірде басталды. Қалалар мен аудандар тұрғындары да бұл игі бастамада партиялықтарға қолдау көрсетті. Бұл күні Қарағанды облысының барлық 18 қаласы мен ауданында Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған 23 ескерткіш абаттандырылды. 27 сәуірде акция жалғасын тапты. Қатысушылар 26 ескерткіш, мемориал мен обелискті қалыпқа келтірді. Акцияға бұл жолы 350 адам қатысты», - делінген әкімдік мәліметінде.



null

Қарағанды облысында барлығы 171 даңқ ескерткіштері бар. Олардың ішінде мемориалдық кешендер - 12, бауырластар зираты - 1, Жауынгерлік даңқ ескерткіштері - 39, Жауынгерлік даңқ обелискілері - 91, батырлардың бюстері - 4, стеллалар - 4, мемориалдық тақталар - 13, естелік тақталар - 7.




null

Жоғары қарай