Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қарағандылық жеті жыл өткен соң бауырын қыстаудан тапты

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 15:14

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық 2012 жылы әйелімен ұрысып, үйінен кетіп қалған бауырын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның 51 жастағы ағасын Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы қыстауда біреудің заңсыз ұстап отырғаны туралы хабарды оған мессенджермен белгісіз адам жіберген. Осы жылдың 3 қыркүйегінде Жаңаарқа аудандық полиция бөліміне 34 жастағы ер адамның қыстаулардың бірінде 2015 жылдың тамызынан бері 51 жастағы ер адамды заңсыз ұстап отырғаны туралы хабар түскен.

Тексеру барысында ер адамның 2012 жылы жұбайымен ұрысып, үйінен кетіп қалғаны және содан кейін спирттік ішімдік ішіп, туыстарымен байланысының үзілгені белгілі болды. 27 тамызда WhatsApp мессенджерімен белгісіз біреу оның бауырына ағасының Жаңаарқа ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеп отырғаны туралы хабарлаған. Содан кейін ол полицияға осы дерек бойынша өтініш түсіріп, ағасын қыстаулардың бірінде заңсыз ұстап отырғанын мәлімдеген.

«51 жастағы ер адам 2012 жылы жұбайымен ұрысып, үйінен кетіп қалғанын түсіндірді. Содан кейін спирттік ішімдік ішіп, Қарағанды қаласы Майқұдықтағы көшелердің бірінде тұрған. Ол сол жерде Тілеген есімді азаматпен танысып, кейін жұмыс істеу үшін қыстауға барған. Ол өз еркімен жұмыс істеу үшін келген, алайда оны ешқайда жібермей, ұстап отырғандығын айтты», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Өз кезегінде аталған қыстаудың иесі 51 жастағы ер адамның 2017 жылдың мамырында тамақ сұрап келіп, кейін осы шаруашылықта жұмыс істеуге қалғанын түсіндірді. Әңгімелесу барысында ер адам есін жоғалтқанын айтты.

Қазір істің мән-жайын анықтау үшін ҚР ҚК 126-бабы 1-бөлігі бойынша (Заңсыз бас бостандығынан айыру) қылмыстық іс тіркелді.


Басты сөздер: Қарағанды облысы, Оқиға,
Жоғары қарай