Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қарақшылық жасап, адам өлтірген шымкенттік 19 жылға сотталды

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 20:24

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте қарақшылық жасап, адам өлтірген тұрғын ұзақ мерзімге сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушыны 19 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған соттың мәліметінше, Н. Бердібеков ҚК 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағымен және 192-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотта анықталғандай, Н. Бердібеков мамыр айында кешкі сағат 17:06 шамасында көпқабатты үйдегі пәтерге ұрлыққа түседі. Сөйтіп, жәбірленушіге күш қолданған.

«Ол өзімен бірге ала келген асүй пышағымен К. Абдуллаеваның кеудесінен және іш қуыстарынан сегіз рет соққылаған. Өмірлік маңызды мүшелерін, яғни ішкі ағзаларын зақымдаған. Оны өлтіріп, үйінен 2 млн 125 мың теңгені жымқырған. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ» делінген хабарламада.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Сот, Заң, Шымкент,
Жоғары қарай