Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қаражатты игермеген бюджеттік бағдарлама жетекшілерін жауапқа тарту керек - министр

2019 жылдың 12 қараша 2019 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаражатты игере алмаған бюджеттік бағдарлама жетекшілерін жауапқа тарту керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы жайында баяндаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, бюджеттің үш нақтылануына, екі рет түзетілуіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдарда және жергілікті жерлерде 10 айдың қортындысы бойынша қомақты сомаға бюджет қаражатының игерілмеуі орын алып отыр. Сондықтан өз қызметінде жіберген кемшіліктері арқылы бюджет қаражатының игерілмеуіне себеп болғаны үшін жоғарыда айтылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті бюджеттік бағдарламалар жетекшілерін жауапқа тартуды сұраймын», - деді ол ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге қарата.

Осы орайда бірінші вице-премьер орталық және жергілікті органдардың назарын жақында ғана Парламенттің бюджеттік заңнамаға тиісті түзетулер енгізгеніне аударды.

«Ол түзетулер бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалануда жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Осы бұзушылықтарға енді әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ретте, әкімшілік жауапкершілікке бюджеттік бағдарламалардың жетекшілері ғана емес, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары да тартылады. Бұл түзету 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді», - деді Ә.Смайылов.

Жоғары қарай