Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Кәрім Мәсімов Жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті атанды

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 11:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының ІІ конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында қауымдастық президенті Кәрім Мәсімов президент лауазымынан өз еркімен бас тартты. Сонымен қатар ол бұл лауазымға қауымдастықтың бірінші вице-президенті Әнуар Садықұловты ұсынды.

Қауымдастыққа мүше 22 федерация өкілдері оның кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Өз кезегінде Әнуар Төлеуханұлы Кәрім Қажымханұлын ұйымның құрметті президенті ретінде ұсынды. Бұл ұсыныс та толық қолдау тапты. Сонымен қатар Кәрім Мәсімовке жауынгерлік алтын белбеу табысталды.


Жоғары қарай